Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі болды

«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық және тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар жүйесі 2016 жылдың 9 шілдесінде Алматы уақытымен 13 сағат 02 минут 12 секундта жер сілкінісін тіркеді.

  • 12 Шiлде 2016
  • 301
Фото - Caravan.kz


«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы — 11,2. Тербелісі — 5.2. Зілзала тереңдігі — 20 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балдық деңгейде сезілді», — делінген хабарламада.