15 жасар қазақ қызының ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған сәті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 жасар қазақ қызының ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған сәті

15 жасар қазақ қызының ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы болған сәті

5 тамыз күні Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Қазақ елінің намысын қорғайтын спортшыларымыздың арасынан ауыр атлет Жазира Жаппарқұл да жүлдеден үміттілер қатарында.

  • 12 Шiлде 2016
  • 710
Фото - Caravan.kz

Жазира Жаппарқұлдың есімі жанкүйер қауымға 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер олимпиадасында чемпион болғаннан кейін кеңінен таныла бастады.

Жазира ол кезде небары 15 жаста ғана болған. Осы додада ол 63 келіде алтын алған. Бүгін сол бәсекедегі қарындасымыздың қалай чемпионы болғаны көрсетілген видеоны назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Жазира Жаппарқұл 69 келіде өнер көрсетіп жүр. Ол ересектер қатарында әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2014 ж. Алматы), (2015 АҚШ, Хьюстон).

Жазира жаттығу кезінде жұлқа көтеруден 123 келіні, серіппе көтеруден 150 келіні оңай еңсереді.

Алматыда өткен әлем чемпионатында 69 келі салмақта сынға түскен 20 жастағы Жазира Жаппарқұл қоссайыста 262 келі салмақты еңсеріп, күміс жүлдеге ие болды. Екінші ретте 118 келіні ала алмағанымен, соңғы мүмкіндігінде төбесіне тік көтерді. Ол қытай қызы Ю Я Ченнен бірнеше грамға ауыр болған соң бұл бағдарлама бойынша үшінші орында қалды. Жазира өзінің басты қарсыласы солтүстіккореялық Ре Ын Хиден 3 келі ұтылды. Екінші жаттығуды ол 140 келіден бастап, екіншісінде 144 келіні алғанымен, төрешілер есепке алған жоқ. Үшінші тәуекелге шыққан Жазира бәрібір бұл салмақты бағындырды. Алматыдағы әлем чемпионатында 145 келі көтерген Ре Ын Хи әлем чемпионы атанды.

Ал өткен жылы АҚШ-тың 
Хьюстон қаласында өткен әлем біріншілігінде  
Жазира бірінші жаттығуды 112 келіден сәтті бастады. Екінші мүмкіндігінде 116 келіні көтеріп, үшінші кезегінде 120 келіні басынан асыра алмады. Серпе көтеруді де Жазиара сәтсіз бастады. Бірінші мүмкіндігін сәтсіз аяқтап, 140 келіні екінші мүмкіндігінде еңсерді. Ал үшінші мүмкіндігінде 147 келіге тапсырыс беріп еді, алайда, ол отандасымыздың ырқына бағынбады.

Осылайша екі әлем біріншілігінде де жеңіс тұғырының екінші сатысынан орын алды. Хьюстондағы күмістен кейін Жазира Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.