Тұрсынов: Есентаева мен Адамбаевтың түсіріп жүргенін кино деп айту ұят - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрсынов: Есентаева мен Адамбаевтың түсіріп жүргенін кино деп айту ұят

Тұрсынов: Есентаева мен Адамбаевтың түсіріп жүргенін кино деп айту ұят

Кинорежиссер Ермек Тұрсынов жуырда берген сұхбатында қазіргі кезде кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кеткенін айтып, қынжылысын білдірді.

  • 13 Шiлде 2016
  • 1556
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы kitap.kz хабарлайды.

“Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – “аха-ха, иха-ха”. Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес”, – дейді режиссер.

Тек киноларымен ғана емес, қоғамға осындай еркін ойы, өзгеше көзқарасымен де танылған режиссер, қазіргі таңда жұрт алдында жүрген шоумен продюсер, режиссерлерге де сын садағын бағыттапты.

“Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім”, – дейді ол.


Танымал режиссер барлығының кино түсіріп жүргендегі мақсаты біреу ғана, ол – ақша табу, басқа ештеңе де емес дейді. Оның айтуынша, ақша мүддесін күйттеп түсірілген кинолар өміршең бола алмайды.

“Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын” – дейді Е. Тұрсынов.

Биылғы жылы Ермек Тұрсынов “Жат” фильмінің тұсауын кескен болатын. Сондай-ақ, біраз бұрын ғана қазақ эстрадасына өткір сын айтып, тыңдармандар пікірінің екіге жарылуына да себеп болған еді.