Министрлікте пара сұрады деп айыпталған Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министрлікте пара сұрады деп айыпталған Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді

Министрлікте пара сұрады деп айыпталған Мұхамедиұлына қатысты пікір білдірді

 

  • 13 Шiлде 2016
  • 358
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы комиссиясы режиссер Талғат Жәнібековтің айыптауына байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп жазады stan.kz.

«Қазақстанның кез келген азаматы өз құқын қорғай алады. Қазіргі уақытта барлық айыптауларды заңгерлер мен лингвистер тексеріп жатыр. Қазір ол туралы анығын айтуға әлі ерте», – деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрлігі департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова.

Өз кезегінде Талғат Жәнібеков те сот тергеу ісіне дайын екенін айтты.


«Сотқа берсе, берсін. Менің сөзім еш дәлелсіз болуы мүмкін. Өйткені, ешқандай видеотаспа жазылмаған. Тек үшінші адаммен арадағы әңгіме ғана бар. Өкінішке қарай, әңгіме тек үшінші адам арқылы ғана болды. Сондықтан мұның немен аяқталарын білмеймін. Негізі бәріне дайынмын», – дейді режиссер Талғат Жәнібеков.

Айта кетейік, режиссер Талғат Жәнібеков министр Арыстанбек Мұхамедиұлының фильмді қаржыландыру үшін пара сұрағанын ашық айтып, видеоүндеу жариялаған еді.