Павлодарда бозбала селфиге түсемін деп тоққа түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда бозбала селфиге түсемін деп тоққа түсті

Павлодарда бозбала селфиге түсемін деп тоққа түсті

 

  • 14 Шiлде 2016
  • 306
Фото - Caravan.kz


15 жастағы бозбала тоқтап тұрған пойыздың төбесінен селтеңдеп селфи жасаймын деп суретке емес, тоққа түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын Павлодарда болған. Шамамен 27 мың вольттық жоғары кернеулі сымды жалаңаш қолымен ұстай алған жасөспірім өте ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Оның өміріне араша түскен дәрігерлер қазір науқастың беті бері қарағанын айтады. Денесінің 80 пайызын күйік шалғанымен ішкі ағзасы аман көрінеді. Көліктік прокуратура бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Талғат Қасымбеков, облыстық балалар ауруханасы күйік бөлімшесінің дәрігері: — Өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тек қана сол қолында, арқасында терең күйік жаралары бар. Болашақта операцияны қажет етеді және де баланың осы стационарда болуы ұзаққа созылады.