Елімізде өткен жылы сәуірдің аяғында жүзеге асырыла бастаған автонесиеге жеңілдік беретін бағдарлама отандық көлік өндірісін дамытуға әжептәуір үлес қосып отыр, деп хабарлайды Kolesa.kz. Былтыр осы бағдарламаның арқасында өзімізде құрастырылған 4 мыңнан астам машина сатылыпты. Бұл Made in Kazakhstan белгісімен сатылған барлық автокөліктердің төрттен бірін құрайды.
Әлгіндей қолдау болмаса еліміздегі автоөндірістің мүлдем тұралап қалатынына биыл одан сайын көз жетіп отыр. Банк мәліметі бойынша, 2016 жылдың бес айында сатылған отандық машиналардың (3400 дана) жартысынан астамы, анығырақ айтқанда, 62 пайызы қолжетімді несие арқылы берілген.