Бойжеткен бір ай бойы орманда адасып жүрген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойжеткен бір ай бойы орманда адасып жүрген

Бойжеткен бір ай бойы орманда адасып жүрген

15 маусымда РФ Челябі облысында Жоғары  Уфалеяның 30 жастағы тұрғынының анасы  полицияға қызының жоғалғаны жайлы айтып келген. 

  • 15 Шiлде 2016
  • 461
Фото - Caravan.kz


Екатерина Смердова орманға серуенге кетіп, қайта оралмаған. Кейін белгілі болғандай, ол жалғыз өзі орман арқылы үйіне жетпек болып, адасып кеткен.  Полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен құтқарушылар бірнеше рет орманды шолып шыққан, алайда бұдан еш нәтиже шықпаған.  

Орманда адасқан қыз аңшылық үйді көріп қалады. Мұнда макарон және жармалар болғандықтан, қыз аштықты сезінбеді. Екатерина Смердова аңшылар келіп құтқарады деген үмітпен осы үйде бір ай тұрған. Қайтарға жол таба алмаған. Алайда бір ретте ол жақын жерде жидек теріп жүрген ерлі-зайыптыларды көрген. Олар  Екатеринаны үйіне алып апарды,  деп жазды piter.tv.