Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

Қарағандыда автобус зейнеткерді қағып өлтірді

 Қарағанды қаласында 60 жастағы әйел автобус дөңгелегінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2016
  • 308
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік оқиғасы 15 шілде күні Қарағандыдағы С.Сейфуллин көшесінде болған. 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Қарағанды-Саран» қалааралық автобусының жүргізушісі зейнеткерді жаяу жүргіншілер жолынан өткізбей, қағып кеткен. Зардап шегуші оқиға орнында қаза тапты», — деді ІІД баспасөз қызметі.

Апат фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде.