Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 501.02
  • 597.27
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Ниццадағы теракт кезінде жоғалған сегіз айлық бала Facebook арқылы табылды

Ниццада ұйымдастырылған лаңкестік оқиғадағы абыр-сабырда жоғалған сегіз айлық сәбиді Facebook желісінің қолданушылары тауып берді.

  • 15 Шiлде 2016
  • 297
Фото - Caravan.kz

Тобыр арасында сәбиінен көз жазып қалған Тиава Баннер (Tiava Banner) әлеуметтік желі қолданушыларынан көмек сұраған.

«Біз 8 айлық сәбиімізді жоғалтып алдық. Ниццадағы достар, егер сәбиді көрген болсаңыздар, тауып алсаңыздар, маған хабарласыңыздаршы», — деп жазған Тиава Facebook парақшасына.

Оған бейжай қарамаған желі қолданушылары баланы тауып берді.

 «Facebook-ке рақмет, бізге қол ұшын созған, қолдау білдіріп хабарлама жазған адамдарға рақмет!» — деп бақытты ана жаңа пост жазған.


Сол мезетте жергілікті "Nice-Matin" (Ницца таңы) басылымы бейсенбі күні кешке 54 баланың қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.