Синоптиктердің айтуынша, бұл қазіргі мезгілге тән ауа-райы. Сондықтан алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Дегенмен, күндіз көшеде аз жүріп, сусынды көп ішкен жөн деген мамандар кеңесіне құлақ асып жүрген де артық етпейді.
Миргүл Ғиляжева, инженер синоптик: — Алдағы апталарда ешқандай жауын-шашын болмайды. Ауа-райы осы қалыпта сақталады. Аздаған жел болуы мүмкін. Ал ауа температурасы күндіз 34-39, ал түнде 20-25 градус аралығында болады.