Алматыда оқ атқандардың бірі ұсталды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда оқ атқандардың бірі ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда оқ атқандардың бірі ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда оқ жаудырған шабуылшылардың бірі ұсталды. Видеоны куәгерлер түсіріп жіберді.

  • 18 Шiлде 2016
  • 614
Фото - Caravan.kz

Белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ атқан — қазір Алматыда ҰҚКД ғимараты, Абылайхан көшесі толығымен және Абай даңғылы қоршауға алынды. Жедел жәрдем ауруханасының кезекші бөлімінде жараланып түскен адамдардың бестен асқанын, әлі де жаралылардың келіп жатқанын хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, полиция қызметкерлері мен белгісіз біреулердің арасында қарулы қақтығыс басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, полиция арасында жараланғандар бар. ІІД тұрғындарға қала аумағында терроризмге қарсы операцияның жүргізілуін жариялады.