Алматыдағы қарулы-қақтығысқа қатысы бар деген екінші күдікті қолға түсті, деп хабарлайды 365info.kz.
Бұдан бұрын Ішкі істер министрлігі Алматыдағы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген-тұғын. Ондағы дерекке сүйенсек, Алматыда қару ұстап тайраңдап жүрген бір топ адам емес, екі күдікті екен.
Ал ең соңғы болып қолға түскен күдікті полициямен арада атыс басталған кезде ізін жасырып үлгерген. Оның қаланың қай жерінде құрықталғаны әзір нақтыланған жоқ.
Есесіне, фотосы жарияланды.
Сонымен қатар, күдіктінің қалтасынан діни жазулар жазылған парақ табылыпты.