Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы су тасқынынан зардап шеккен қазақтарға көмек ретінде жиналған қаржы бүгін жеткізіледі. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
Жолға шығып бара жатқан белсенділердің бірі Аятжан Ахметжанның айтуынша, ағайынға жанашыр халықтан жалпы сомасы 2 461 759 теңге жиналыпты. Атап айтқанда, …. банк: 1 520 647 теңге. Qiwi 213 112 теңге. Қолға: 160 000 теңге. Даниядағы қандастар: 1000 доллар. Ирландиялық қандастар: 600 доллар.Германиядан қандастар: 100 еуро
Қаржыдан бөлек аздаған азық-түлік пен бір домбыра бар.
Аталған көмек ең алдымен көп балалы отбасылар мен тұрмысы қиын жанұяларға беріледі. Жалпы, қаржыны бөлу мәселесін, белсенділер діттеген жерге жеткен кезде жағдайды бағамдап, жергілікті ақсақалдармен ақылдасып барып жүзеге асырмақ.