Абаев: Ендігіде ақпарат барынша жылдам таратылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абаев: Ендігіде ақпарат барынша жылдам таратылады

Абаев: Ендігіде ақпарат барынша жылдам таратылады

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев өзі басқаратын министрлік ішкі істер министрлігімен бірлесіп төтенше жағдай кезінде азаматтарға ақпаратты қосымша келісіп алусыз жедел түрде беру туралы ұйғарым жасалғанын хабарлады.

  • 20 Шiлде 2016
  • 336
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Алматыдағы шабуылдарға қатысты ресми ақпарат беруде мемлекеттік органдар кешеуілдеп қалды деген пікірлерге орай жазбасында айтты. Жазбасында Абаев өздеріне ведомство жұмысын жетілдіруге қатысты барлық конструктивті ұсыныстың маңызды екенін және оған азаматтардың қатысатынынан үмітті екенін айтқан.

Министр қайғылы оқиға ақпараттық жауап қату саласында бірқатар маңызды мәселе барын көрсеткенін жоққа шығармайтынын айтқан. Бірақ ол шабуылға қатысты ресми ақпарат жинақталып, тексеріле салысымен берілгенін айтады. Абаевтың сөзінше, шабуыл кезінде жалған ақпараттың тарауы да министрлік жұмысын қиындатқан.

18 шілдеде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан үш полицей мен бір шекарашы және бір бейбіт тұрғын оққа ұшқан.


Ақпарат құралдары шабуыл кезінде полициядан дер кезінде ақпарат ала алмағанына наразылығын білдірген.