Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Жақып Асанов, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жасалатын реформалардың негізінде мемлекеттік аппаратқа тек ең үздіктер іріктелетінін баса айтты.
«Біріншіден, жылына 30 мың заңгер оқытылып жатыр. «100 нақты қадам» жоғары оқу орындарынан сапалы маман сұрайды. Біздің қатарымызға немесе сотқа жұмысқа тұру білімсіз мүмкін болмайды. Таныс іздеудің де қисыны болмайды. Екіншіден, кандидаттардың өмір салты. Студенттік кезден бастап, олардың азаматтық ұстанымдары, әлеуметтік жобаларға қатысуы да ескерілетін болады», — деді ол.