Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың маусым айында Серік Ибрагимов өзінің сүйіктісіне романтикалық ұсыныс жасаған болатын. Айнамкөз есімді бойжеткен өз кезегінде келісімін берген. Ғашықтар той күнін қазан айына белгілепті.
Қыз ұзату Алматы қаласында қазанның 6-сы күні өтсе, араға бес күн салып беташар әншінің туған ауылында жасалмақ. Яғни үлкен той қазанның 12-сі күні Қызылорда қаласында өтеді.