Алматыдағы атыстан соң есін бірінші боп жиған полицей аман-есен ауруханадан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы атыстан соң есін бірінші боп жиған полицей аман-есен ауруханадан шығарылды

Алматыдағы атыстан соң есін бірінші боп жиған полицей аман-есен ауруханадан шығарылды

 

  • 29 Шiлде 2016
  • 262
Фото - Caravan.kz

Кеудесіне оқ тиіп жараланған Ұлан Қабылов өзін он күннен бері көрмеген бала-шағасын құшақтап, мауқын басты. Аяқтан тұрып, жүре алғанымен, тәртіп сақшысы әлі де біраз ем қабылдауы тиіс. Дегенмен, бір ажалдан аман қалған Қабылов келесі айдан бастап қызметіме қайта кірісемін деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Қызметкерлердің жанұясына көңіл айтамын. Және де осы емханада ем қабылдап жатқан қызметкерлеріме де аман есен менің жолымды беріп, айығып жанұясына оралсын!" дейді Алматы қалалық ІІД ЖПБ взвод командирі Ұ.Қабылов.

Бірінші сөзін әріптестері жайлы айтудан бастаған командир бір апта бойы өмір үшін күресті. Лаңкес оның кеудесіне оқ атқан.    

"Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Науқас шок жағдайында түсті. Жедел түрде іш құрылысына операция жасалып, жарақаты тігіліп, қаны тоқтатылып, бәрі жақсы өтті" дейді хирург Нұрғали Әуелов.

Ұланның ағзасы мықты болып шықты дейді дәрігерлер. Дегенмен, әлі де бірталай ем керек. Оны үйге жіберуге ақ халаттылар бірауыздан шешім қабылдапты. Мұны естуі мұң екен, жары жанынан бір елі ұзамай, ауруханадан шыққанша қол ұстасып жүрді.         

"Бәріміз есеңгіреп қалдық. Менің басымнан өткенді ешқандай әйелге салмасын. Азаматымды құдай сақтады. Бүгін үйге қайтамыз. Бес баламыз бізді асыға тосып отыр" дейді Ұлан Қабыловтың жары Жанар Райымбекова.


Қандықол қылмыскермен қақтығыста қашпаған Қабыловты жора-жолдастары аурухана аузынан күтіп алды. Құшақтасып, мауқын басты. Одан соң полицей өзін он күннен бері көрмеген 4 бірдей ұлы мен кішкентай қызына асықты. Қалалық ауруханада жаралы әлі төрт адам бар. Үшеуі әлі де ауыр жағдайда, ал біреуінің халі орташа.