Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді

Түркия елшісі Қазақ-Түрік лицейлеріне қатысты пікір білдірді

Қазақ-Түрік білім беру мекемелеріне Түркияның еш қатысы жоқ. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык мәлім етті.

  • 29 Шiлде 2016
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Түркияның ресми билігінің қолдауымен ашылған жалғыз білім ордасы бар, ол — Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті. Қазақстанда Қазақ-Түрік атауы бар білім мекемелері Түркияның ресми билігіне түк қатысы жоқ. Олардың қызметіне қатысты барлық шешімдермен Қазақстанның құзырлы органдары, Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі айналысады», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Қазақ-Түрік лицейлерінің ішкі мәселелерімен Қазақстан билігі айналысады және елшілік олардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылай алмайды.

Дегенмен оның сөзі бойынша, Түркияда бүлік жасаушы лаңкестік ұйымның тамыры барша әлемге тарап отыр. «Олар xалықтың ақшасына сатып алынған танктермен, ұшақтармен мемлекетті басып алмақ болды. Түркиядағы төңкеріс 30 жыл бойы ұйымдастырылған. Олар өте қауіпті екені анық. Сондықтан олардың тамыры жайылған мемлекеттер осыны ескеруі тиіс», — деді елші мырза. 

Айта кетейік, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, 200-ден астам бейбіт азамат қаза тапты. Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам бүлікші ұсталды, бүлік барысында олардың 100-ге жуығы өлтірілді. Бұл көтеріліске «Түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияланды.


Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен құрылған Қазақ-Түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады.