Ғаламтордағы суицидке үгіттейтін парақшалар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламтордағы суицидке үгіттейтін парақшалар жабылды

Ғаламтордағы суицидке үгіттейтін парақшалар жабылды

Атырау облысында өңір прокурорларының ұсынысы бойынша әлеуметтік желілерде жастарды өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлейтін 22 парақшаның жұмысы тоқтатылды.

  • 3 Тамыз 2016
  • 451
Фото - Caravan.kz


Мамандар мұндай парақшалардағы түрлі үгіт-насихаттың арты жастардың суицидке баруына түрткі болатынын сараптап көрсетті. Атап айтқанда, арандатушылар өз-өзін өлтіру туралы ашық пікірлер таратып, түрлі фотосуреттерді ғаламторға жариялаумен айналысқан. Психологтар да ата-аналарға жастардың ғаламтор желісін пайдалануына жіті қадағалау жасау қажеттігін ескертеді.

— Талдау барысында анықталғандай аталған топтардың негізгі мақсаты бұл жасөспірімдер арасында өмірге құштарлықты басып, суицидке итермелеу болып табылады. Облыстық прокуратура органдарымен аталған топтарда 2 мыңға жуық жасөспірімдердің тіркелгендігі анықталды. Аталған факт бойынша прокуратура органдарымен бұл топтардың қызметіне шектеу қойылды, деді облыстық прокуратураның бөлім басшысы Аслан Нұрғалиев.