Өтірік па, шын ба, белгісіз, бірақ ресми мәліметтер мен әкімдердің өздеріне сенсек, еліміздегі облыс әкімдері мынадай жалақы алады екен, деп жазады 365info.kz.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айлығы 636 974 теңге
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айлығы 716 866 теңге
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгіновтың айлығы 742 527 теңге
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың айлығы 788 617 теңге
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айлығы 924 431 теңге
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айлығы 953 260 теңге
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айлығы 716 866 теңгеден 967 674 теңге аралығында
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтыңайлығы 716 867 теңгеден 967 674 теңге аралығында
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айлығы құпия екен
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің айлығы гриф белгісі қойылған құпия
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин «заңда көрсетілгендей мемлекеттік қызметкерлер секілді айлық алатынын» айтқан
Алматы облысының әкімі Амандык Баталовтың да айлығы қанша екені белгісіз, ол да құпия
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «айлығы мемлекеттік қызметкерлермен деңгейлес» екенін айтады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов айлығы жайында ақпарат бермейді
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев айлығын сайттан қарап алуды өтінген, бірақ журналистер сайттан таба алмаған
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұл сұраққа мүлдем жауап бермеген