Продюсерлер телехикаяны “Игры престолов” фильмінің стилінде түсірмек: эротика мен қанды соғыс. Мұнымен қатар, “Алтын Орда” телехикаясының екі нұсқасы түсіріледі деп жоспарлануда. Бірінші нұсқасы телеарналардан көрсетуге арналған. Ол жердегі эротикалық және өзге жағымсыз көріністер алынып тасталады. Ал екіншісі телехикаяның толық нұсқасы ретінде интернетке жүктеледі.
Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова туындыда басты рөлдердің бірін сомдайды. Шамамен Берке хан билік еткен тұс сипатталады деп жоспарлануда. Князь Ярослав қанды қол әскерінің күшімен өз империясын Берке ханның халқымен біріктіруді армандайды. Ал Алтын Орда елшісі Тенгри-Темір Владимирге келіп, Борис-Устиньюдің әйелін алып кетпек болады. Ал оның орнына сұлу Нарғызды қалдырады.
Нарғыздың рөлін сомдайтын Аружан катсингтегі жеңісіне риза. “Бүгін ресейлік “Алтын Орда” жобасының алғашқы түсірілімі. Бірінші арнаға арнап түсірілім жатыр. Мен басты рөлдердің бірін сомдаймын. Өзіме өзім сене алар емеспін. Мені шымшып алыңыздаршы. Немесе валерьянка беріңіздерші”, – дейді Аружан Жазылбекова.