Еркеш Шәкеев баласының өлімі жазатайым болғанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еркеш Шәкеев баласының өлімі жазатайым болғанын мәлімдеді

Еркеш Шәкеев баласының өлімі жазатайым болғанын мәлімдеді

Бұған дейін Caravan.kz медиа порталы көпшіліктің Сафар Шәкеевтің өлімі туралы бар шындықты білгісі келетінін жазған болатын.

  • 9 Тамыз 2016
  • 1208
Фото - Caravan.kz

Осыдан кейін оның әкесі, белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің мәлімдемесін олардың отбасылық досы Виктория Момынбаева өзінің Фейсбуктегі парақшасына жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Еркеш Шакеев қайғылы жағдайдан кейін отбасын түрлі психологиялық соққыдан қорғап қалу мақсатында БАҚ қызметкерлеріне, әлеуметтік желі қолданушыларына желідегі осы жағдайға байланысты видеолар мен жағымсыз комментарийлерді өшіріп тастауды өтінетінін айтты. Сондай-ақ, әртүрлі жорамалдарды жоққа шығарып, ресми түрде ұлы Сафар Шакеевтің жазатайым жағдайда қаза тапқанын жеткізді. Себебі ұлы қаншалықты қауіпті екенін білмей, Есентай өзенінің аса қауіпті аумағында болған екен. Сөзінің соңында Еркеш Шакеев барша жұртқа бақыт тілеп, мұндай қайғылы жағдай ешкімнің басына келмесін деді.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оның қайда екені туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Ал денесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды