«Жаңа толқын» балалар байқауында ел намысын Жанель Сәдуақас қорғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жаңа толқын» балалар байқауында ел намысын Жанель Сәдуақас қорғайды

«Жаңа толқын» балалар байқауында ел намысын Жанель Сәдуақас қорғайды

Белгілі «Балалар Жаңа толқыны» жас орындаушылар байқауына астаналық, IV «Аялаған Астана-2016» балалар байқауының жеңімпазы 11 жастағы Жанель Сәдуақас қатысатын болды.

  • 10 Тамыз 2016
  • 723
Фото - Caravan.kz

Жас әнші өткен жылы «Жаңа толқын» байқауында екінші орынды иеленген қазақстандық әнші Әдемінің шәкірті.

«Жаңа толқын» балалар байқауында ел атынан сүйкімді ханшайым, менің шәкіртім Сәдуақас Жанель қатысады! Сіздер қолдайды деп үміттенеміз», — деп жазды Әдемі өзінің Инстаграмдағы парақшасына.

Финал Қырымда «Артек» халықаралық орталығында 11-13 тамыз аралығында өтеді. Байқауға әлемнің 11 елінен (Ресей, Армения, Абхазия, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Румыния) 8-12 жас аралығындағы 15 бала қатысады.

«Балалар Жаңа толқыны-2016» байқауының әділқазылары: Евгений Крылатов, Лев Лещенко, Ирина Дубцова, Сергей Лазарев, Филипп Киркоров. Әділқазылар төрағасы — Ресей халық әртісі, продюсер, композитор Игорь Крутой.

null