Ресейлік комментатор ауыр атлетикадан қазақстандық әлем чемпиондарына ауыр тиетін сөз айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік комментатор ауыр атлетикадан қазақстандық әлем чемпиондарына ауыр тиетін сөз айтты

Ресейлік комментатор ауыр атлетикадан қазақстандық әлем чемпиондарына ауыр тиетін сөз айтты

Ресейлік комментаторлар қазақстандық зілтемірші Нижат Рахимов 207 келіні көтеріп, әлем чемпионы атанған сәтте, таңданыстарын жасыра алмай, «мәссаған, ешқашан чемпион шықпаған елден чемпион шықты!», деп салды. Видеосы қазір кең тарап жатқан бұл сайыс 2015 жылы қарашада Хьюстонда болған ауыр атлетикадан әлем чемпинаты екен.   

  • 11 Тамыз 2016
  • 2497
Фото - Caravan.kz

Олардың соншалықты таң қалуына, қазақ зілтеміршісі Рахимовтың серпе көтерудің екінші мүмкіндігінде алғашқы салмаққа бірден 13 келі қосып, онымен қоймай көтеріп кетуі себеп болса керек.

Дегенмен eurosport 1 арнасының қос комментаторы Қазақ елінен басқаларын айтпағанда, бір ғана Лондон Олимпиадасынан 4 бірдей чемпион шыққанын ұмытып кеткен сияқты.

Еске сала кетсек, бүгін қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимов ерлер арасында 77 келі салмақта алтын жүлдеге қол жеткізді. Ол қос сайыстың қорытындысы бойынша 379 келіні көтерді. Атап айтқанда, жұлқа көтеруде 165 келі, ал серпе көтеруде 214 келі көтерді.