Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің автомобильге жанармай құю станцияларында өткізілетін автомобиль бензинінің сапасына мониторинг жүргізу кезінде ТР КО 013/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына 27%-ның сәйкес келмейтіні анықтады.
Зертеулер нәтижелері бойынша ЖҚС-та мына өндірушілердің сапасыз бензин өткізілгені белгілі болды:
1) октандық саны бойынша: «Павлодарский НХЗ» ЖШС-ның — 13 сынамасында, «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның — 8 сынамасында, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС-ның — 7 сынамасында, «Газпром-Омский НПЗ» АҚ-ның — 5 сынамасында;
2) құрамындағы күкірт бойынша: «Газпром-Омский НПЗ» АҚ-ның — 7 сынамасында, «Башнефть»ААҚ-ның — 4 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ, «Орскнефтеоргсинтез»ААҚ, «Газпром нефтехим — Салават» АҚ- бір сынамадан;
3) бензолдың көлемдік үлесі бойынша: «Башнефть» ААҚ-ның — 3 сынамасында, «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның — 2 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ-ның — 2 сынамасында және «Газпром-Омский НПЗ» АҚ, «Орскнефтеоргсинтез» ААҚ — бір сынамадан;
4) хош иісті көміртегінің көлемдік үлесі бойынша: «Орскнефтеоргсинтез» ААҚ-ның — 4 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ — 2 сынамасында және «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның — бір сынамасында.
«ЖҚС-тағы бензиннің сәйкес келмеу факторларының бірі барлық маркадағы жоғары октанды бензинді төмен октанды бензинмен араластыратын сатушының қасақана іс-әрекеттері болып табылуы мүмкін. Сәйкес келмейтін бензин сатылған ЖҚС-тың тізбесі әкімшілік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қосымша берілетін болады», — делінген хабарламада.