Бүгін Риода ауыр атлеттеріміз үшін соңғы күн. Осыған дейін жеті ауыр атлетіміз өнер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Айталық, Олимпиаданың үшінші ауыр атлет Фархад Харки 62 келі салмақ дәрежесінде қола медаль еншілесе, төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта екінші қола медальға ие болды. Ал Олимпиаданың бесінші күні екі бірдей ауыр атлеттеріміз ел қоржынына бір алтын, бір күміс медаль салды. Алтынды Ниджат Рахимов жеңіп алса, күмісті қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл иеленді.
Осылайша Рио олимпиадасына келген 8 ауыр атлетіміз қазірге дейін төрт медальды жеңіп алды. Енді, бүгін 105 келі салмақта соңғы ауыр атлетіміз Александр Зайчиков жарыс жолына шығады.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орынды иеленіп тұр.