Боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының жүлдегері атанды

Боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының жүлдегері атанды

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды..

  • 16 Тамыз 2016
  • 665
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасты.

Василий Левит жартылай финалда кубалық боксшы Эрисланди Савонмен жекпе-жекке шығып, оны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Василий Левит екі дүркін Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы. Ол Олимпиаданың ширек финалында мавританиялық Кенеди Сен-Пьеррді 3:0 есебімен ұтып, жарыс жолынан тайдырған болатын.

Ал оның алдындағы іріктеу сайыстарында қытайлық Юй Фенкайды екінші раундта нокдаунға түсіріп, үшінші  раундта қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартқан.


Міне, бүгін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.