Жұрт ажырасты деп шулаған Алтынай Анталияда жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұрт ажырасты деп шулаған Алтынай Анталияда жүр

Жұрт ажырасты деп шулаған Алтынай Анталияда жүр

Алтынай Жорабаева мен Айнұр Тұрсынбаева Анталияда демалып жатыр. Қос құрбы осылайша оңашада сырласуды жөн көрген.

  • 16 Тамыз 2016
  • 11048
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда желі қолданушылары Алтынай мен Сәбит ажырасып кетті деп болжаған болатын. Олардың бұл болжамдарының себебі де бар. Екеуі де әлеуметтік желідегі парақшаларынан ортақ суреттерін өшірген. Сәбит мырзаның жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсті. Ал Алтынай ханым мерекелік отырыстарға жалғыз келіп жүр. Тіпті, Анталияға құрбысы Айнұр Тұрсынбаевамен бірге барған.

13767495_626558730846460_1482135736_n

Дәл қазір қос жұлдыз Түркияның әсем жерлерін аралап, жағажайда күнге қыздырынып жүр. “Өмір кейде мәнді емес, құлатқанда жар белес. Өмір деген өтпелі, адамдар мәңгі емес”, – деп жазады Алтынай Жорабаева суретінің тұсына. Ал Айнұр Тұрсынбаева оңашада құрбы-құрдас болып сырласып жүргендерін жеткізді.


image

Жұрт қос құрбыға сәттілік тіледі. Десе де, көпшілікті олардың жолдастары қызықтырып жатты. Бірі Айнұр ханымның екінші рет тұрмысқа шыққанын тілге тиек етсе, екіншілері Алтынайдан Сәбитті сұрады. “Қазақтың Айнұры мен Алтынайы, бірінде жыр, бірінде ән таусылмайды. Елімнің қос қарлығашы Ататүрк елінде ай мен күндей жарқырайды” дейді желі қолданушыларының бірі.