Баян Есентаева: Кез келген күнәнің өзіне лайық жазасы бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаева: Кез келген күнәнің өзіне лайық жазасы бар

Баян Есентаева: Кез келген күнәнің өзіне лайық жазасы бар

Баян Есентаева өзінің желідегі парақшасында кезекті жазбасын бөлісті. Ол кез келген күнәнің ауыр жазасы болатынын айтып жатыр. Мұны естіген жұрт оның жолдасына кешірім бермеуі мүмкін екендігін болжады.

  • 17 Тамыз 2016
  • 3643
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірер күн бұрын Баян Есентаева екі қызымен Франциядағы шипажайлардың бірінде демалып келді. Үшеуі жағажайда түрлі суретке түсіп, бес жұлдызды Дю-Пале қонақ үйінде демалғандарын байқатты. Продюсер ханым халыққа жүзін көрсетіп қана қоймай, екіұшты жазбасымен бөлісті.

“Ақиқатым өзіме аян. Адамдар өз ыңғайына қарай түрлі қауесет таратады. Кез келген кінәнің жазасы бар” дейді Баян Есентаева. Бұл сөздеріне қарап желі қолданушылары жолдасына кешірім бермеді деп болжады. Жанжал кезінде екі жақтың да айыбы болатынын айтып, одан кешірім беруін сұрағандар да болды.

7fe17115aa871b83037c28c346d

“Біз сізді сынап, кеңес бере алмаймыз. Сіз өзіңіз де дана әйелсіз. Алайда кез келген жанжалда екі тарап кінәлі болады емес пе?”, “Күйеуіңіз бекер ұрмайды. Ол ашуланатындай қандай күнә жасап қойдыңыз? Енді күйеуіңізді кешіресіз бе?”, “Кешірімді болыңыз. Алла тағалам әрі қарай не істейтінін өзі біледі” дейді желі қолданушылары.


36c15dc67441b1f2c0b38221d04

Әзірге продюсер ханымның күйеуіне кешірім беріп-бермегені белгісіз. Десе де, кіші қызының оған түсіністік танытпайтыны анық. Себебі, әлеуметтік желіден әкесінің барлық суретін өшіріп, оны өміріне араластырғысы келмейтінін жеткізген-ді. Ал Айсәуле керісінше отбасы мүшелерін кез келген жағдайда қорғап, оларды жақсы көріп өтетіндігін жеткізді.