Бетін қан жапқан, жедел жәрдем көлігінде есеңгіреп отырған баланың видеосы мен фотолары әлеуметтік желіге жылдам тарап, наразылық толқынын тудырды, деп хабарлады www.bbc.com.
Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, баланың есімі Омран Дакниш, бес жаста. Сәрсенбі күні кешке оған медициналық жәрдем көрсетілді — баланың басына қатты зақым келген.
Оның отбасының басқа мүшелерінің қандай жағдайда екендігі әлі белгісіз.