6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу басталды

6 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу басталды

Полицейлер Ақтауда 6 жасар қыздың зорлануы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыст

  • 22 Тамыз 2016
  • 1153
Фото - Caravan.kz

Полицейлер Ақтауда 6 жасар қыздың зорлануы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Осы дерек бойынша "Зорлау" бабымен (ҚР ҚК-ның 120-бабы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметкерлер барлық қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалған. ІІД өкілдерінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді екен.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды.

Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.


Полициядағылар басылым тілшілеріне қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.