Бұл туралы поляк өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.ru.сайтына сілтеме жасап.
Марапат ретінде атлет 126 мың доллар алған. Айта кетейік, Петрден Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алған.
«Мен Олекке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олектің еміне жұмсалатын болады», — деп жазды ол.