Құралай Нұрқаділованың мүлкі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құралай Нұрқаділованың мүлкі тәркіленді

Құралай Нұрқаділованың мүлкі тәркіленді

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ға қарызданған танымал қазақстандық сәнгер Құралай Нұрқаділованың мүлкі сатылымға шығарылды.

  • 25 Тамыз 2016
  • 733
Фото - Caravan.kz

Бірыңғай электронды сауда алаңы сайтында Алматыдағы «Дубок» шағынауданында орналасқан 0,1366 га жер телімі бар жалпы көлемі 283,8 шаршы метр үйдің сатуға шығарылғаны хабарланды.

Жылжымайтын мүлік шамамен 109 миллион теңгеге бағаланған, деп жазады ҚазАқпарат.

Саудаласу 2016 жылдың 7 қыркүйегінде басталады.


Айта кетейік, бірнеше жылдан бері Қазкоммерцбанк» пен Құралай Нұрқаділованың арасындағы дау-дамай басылар емес.

Дизайнердің айтуынша, банк оған 2006 жылы алған 44 мың доллар несиені заңсыз іліп отыр.