«Казкоммерцбанк» Құралай Нұрқаділова мүлкінің саудаға қойылу себебін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Казкоммерцбанк» Құралай Нұрқаділова мүлкінің саудаға қойылу себебін түсіндірді

«Казкоммерцбанк» Құралай Нұрқаділова мүлкінің саудаға қойылу себебін түсіндірді

«Казкоммерцбанк» АҚ Құралай Нұрқаділова мүлкінің саудаға қойылу себебін түсіндірді.

  • 25 Тамыз 2016
  • 637
Фото - Caravan.kz

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк қарыз алушы Құралай Нұрқаділованың үстінен түсірген талап-арыз бойынша барлық сот отырыстарында жеңіп шыққан. 

Белгілі болғандай, барлығы 106 млн. жуық теңгені өндіріп алу және оған қоса мемлекеттік баж салығын төлеттіру қажет болған.  

«Алайда, қарыз алушы сот шешімін орындамады. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі бойынша, орындау өндірісі аясында Қ. Нұрқаділованың мүлкі тізімге алынып, бағаланды және мемлекеттік сот орындаушысы оларды саудаға қойды», — делінген хабарламада. 

«2006 жылы Қ. Нұрқаділова жоғары санатты тұрғын үй сатып алу мақсатында (кейбір БАҚ-та айтылғанындай, бизнесті дамыту үшін емес) несие алу үшін «Казкоммерцбанк» АҚ жүгінеді.

Банк келісім бойынша өз міндеттемесін орындап, несие берді. Несие сомасы — 641,9 мың АҚШ долларын құрады. Оны қарыз алушы 20 жыл ішінде қайтаруға міндеттелді. 


Бірақ, өкінішке қарай, ақша алған соң үш жылдан кейін, ол жеке басындағы қаржылық қиындықтарды сылтау етіп, өз міндеттемесін орындауды тоқтатты. Несиені төлеу мерзімін ұзарту бойынша өтініш жасаған соң, банк өз келісімін берді. Сөйтіп, несиені төлеу бойынша жеңілдетілген мерзім ұсынды. 

2010 жылдан бастап, банк пен қарыз алушы Қ. Нұрқаділова арасында банк кредитінің келісім-шартына қатысты жеті рет қосымша келісім жасалды. Онда банк әрдайым қарыз алушының жағдайын түсініп, несиені төлеу мерзімін кейінге қалдырып келді»,  — делінген Банктің хабарламасында.