Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Сахнаға орамалмен шықсам, қалай қарайсыздар?» – деп жазды әнші инстаграм парақшасында.
«Орамалмен де әдемісіз, шыға беріңіз сахнаға», «жақсы үлгі болар еді», «сізге бәрі жарасады», «бірінші кезекте анасыз, тақсаңыз құба-құп», «бұрынғыдан да әдемі болдыңыз», «нағыз қазақтың келіні екенсіз», «жақсы идея» – деп жазған желі қолданушылары.
Кез келген нәрсенің теріс жағы да бар екенін жақсы білесіздер. Бұл орайда әншіні сынағандар да кездесті. Сахнаға орамал тағып шығуды ескінің дәстүрі дегендер де табылды.
Тағы бір желі қолданушысы орамалдың орнына сахнаға сәукеле, бөрік, тақия сынды бас киімдерді киіп шығуға кеңес берді.
Ал әзірге Жазира Байырбекованың сахнаға орамал тағып шығатын-шықпайтыны нақты белгісіз.