Бұл туралы «РИА Новости» жазып отыр. Дерек көзінің айтуынша, мұндай мәлімет шындыққа жанаспайды. «Президент ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты» дейді дерек көзі. Ал қайтыс болғаны туралы хабарлаған сайттар дәл қазір ашылмай тұр.
Естеріңізге сала кетсек, 78 жастағы Ислам Кәрімов өткен сенбіде миына қан құйылып, ауруханаға жеткізілген еді.