Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іс прокуратураға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іс прокуратураға берілді

Баян Есентаеваның күйеуіне қатысты іс прокуратураға берілді

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің ресми сауа

  • 1 Қыркүйек 2016
  • 711
Фото - Caravan.kz

Баян Есентаеваны ұрып-соғу ісі прокуратураға берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің ресми сауалға берілген жауабында айтылады. 

"Адам өлтіруге оқталды деген күдікке ілінген Бақытбек Есентаев қамауда отыр. Қылмыстық істің материалдары зерттеу үшін және кейін сотқа жіберілуі үшін Алматы облысының прокуратурасына жолданды", — делінген жауапта. Сонымен қатар, ІІД өкілдері Есентаеваны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде тарату дерегі бойынша тергеудің жалғасып жатқанын хабарлады. "Осы дерек бойынша жазаны сот анықтайды", — деді полициядағылар. 

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. 

Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.