Айсәуле Бақытбек анасының БАҚ-қа айтқан өтінішіне қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айсәуле Бақытбек анасының БАҚ-қа айтқан өтінішіне қосылды

Айсәуле Бақытбек анасының БАҚ-қа айтқан өтінішіне қосылды

Айсәуле Бақытбек анасы Баян Есентаеваның БАҚ-тан сұраған өтінішін қолдайтынын айтты.

  • 3 Қыркүйек 2016
  • 3118
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бүгін Баян Есентаева БАҚ-тан 10-маусымда болған оқиға туралы жаза бермеуді өтініп сұраған еді. Бірнеше минуттан соң Есентаевтардың тұңғыш қызы анасының өтінішіне қосылды.

«Отбасымыздың жеке мәселелерін талқыламау туралы анамның өтінішіне тек олардың перзенті ретінде емес, болған оқиғаның жалғыз куәгері ретінде мен де қосыламын. БАҚ-та жарияланған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәліметтердің бәрі жалған екендігін мәлімдеймін. Әкемді ес білгелі ең үлгілі адам ретінде танимын. Жасаған ісіне ол шынайы өкініп қана қоймай, бірнеше айдан бері анамнан кешірім сұраумен келеді. Оның кешірімін қабылдау-қабылдамау – анамның жеке басының мәселесі. Оған араласпауларыңызды сұраймын. Рахмет», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасында.


Танымал продюсер уақыты келгенде оқиғаның жай-жапсарын айтып беретінін, ал әзірге денсаулығының толық қалыпқа келмегенін айтты.

Желі қолданушыларының дені Айсәулені қолдады. Алайда ел алдында жүргеннен кейін мұндай әңгімелерге үйрену керектігін айтқандар да кездесті.