Алматыда денесі бөлшектелген ер адамның аты-жөні мәлім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда денесі бөлшектелген ер адамның аты-жөні мәлім болды

Алматыда денесі бөлшектелген ер адамның аты-жөні мәлім болды

Полициядағылар Алматының бір ауданында бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2016
  • 1089
Фото - Caravan.kz

Полициядағылар Алматының бір ауданында бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары қаза болған адамның есімін жариялаған жоқ. Мәліметтер жақын арада толықтырылады деп күтіледі. Сонымен қатар, кісі өлтірушінің де кім екені анықталған. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде
ер адамның дене мүшелерін
тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары — басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр.
 

Перейти к новостям спорта