Айқын: «Алтыным» әнін орындамасам, халық тәпішке лақтырады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айқын: «Алтыным» әнін орындамасам, халық тәпішке лақтырады

Айқын: «Алтыным» әнін орындамасам, халық тәпішке лақтырады

Жүрген жерін той-думанға ұластыратын әншілердің бірі – Айқын. Күні кеше Шымкент қаласында концерт берген ол «Алтыным» әні орындалмаса, халықтың тәпішке лақтыратынын айтып, қалжыңдады.

  • 8 Қыркүйек 2016
  • 733
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Циркте ән айтқан қызық, біреуге алдымен айтсаң, біреуге арқамен тұрып қаласың…Бірақ мен амалын таптым. Шымкент ыстыыыық ықыласпен қарсы алды. Рахмет… Бұл әнді орындамасам, xалық тәпішкелерімен лақтырып тастайды», – деп жазды Айқын желідегі парақшасында.

Айқын Төреғали мен Фарида Жолдасованың орындауындағы «Қыдырып қайтайық» әнін алғаш рет өз концертінде орындаған. Естеріңізде болса, Айқын аталмыш әнді Ұлы дала баласының концертінде орындап, ұнатып қалған еді. Ұлықпан Жолдасов пен Төреғалидің рұқсатын алған ол алдағы уақытта осы туындыны репертуарына қосып алатынын да тілге тиек еткен.