Мұндай пікірді Қуандық Шамахайұлы әлеуметтік желіде жазып қалдырыпты.
Алайда, олардың мұндай тірліктері алысқа бармайды. Кейін журналистер де оларға қырын қарап, еселерін әбден қайтарады. Парламент жұмысы қыза түсіп, біршама уақыт өткеннен кейін әлгі бес қап болып жүргендер жуасып қалады. Ондай депутаттар залдан шыға салып, жаутаң-жаутаң қағып, БАҚ өкілдеріне қарағыштап, жүрісін баяулатып бара жатқанын көресің. Әсіресе, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазастан», «Заң газеті», «Айқынның» тілшілерінің қасынан өткенде жалынышты кейіппен үміттене көз тастайды. Өз кезегінде, енді, журналистер оларды пысқырмай қояды. Себебі, ондай депутаттардың айтар ештеңесі жоқ екенін отырыстардан байқап біліп алған. Отырыстарда жөні түзу пікір айтпаған, үкіметке батыл түрде сауал жолдамаған депутаттарға үйіндегі қатын, бала-шағасы да маза бермейтін болса керек. «Пәлен деген депутатты теледидардан күнде көрсетеді. Ал, сен жоқсың, көрінбейсің» дегендей.
Негізі, халыққа жағу үшін әу бастан БАҚ-қа жақын болуды, депутат деген ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДЫҚ МӘНСАП ЕМЕС, «көптің бірі, бірдеменің кірі» екенін дер кезінде түсінбеген депутат осылайша «саяси өлік» болып сессияны қалай бастаса, ақыры сол күйі аяқтайды.