Ата-ананың қарауынсыз қалған 6 баланы Ақтөбе әкімдігі өз бақылауына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-ананың қарауынсыз қалған 6 баланы Ақтөбе әкімдігі өз бақылауына алды

Ата-ананың қарауынсыз қалған 6 баланы Ақтөбе әкімдігі өз бақылауына алды

Ата-ананың қарауынсыз қалған 6 баланы Ақтөбе әкімдігі өз бақылауына алды. Бақыт Шыныбеков ауруханаға түсіп, анасы Жанар Тәшімбетова өзге қалада жүрген кезде кәмелет жасына толмаған балалар үйде жалғыз қалған.

  • 14 Қыркүйек 2016
  • 652
Фото - Caravan.kz

Оларды жай-күйіне бей-жай қарамаған ақтөбеліктер әлеуметтік желі арқылы хабар таратып, көмек беруді сұрады. Бүгін отбасына қалалық әкімдік өкілдері барып, балалардың бақылауға алынатынын жеткізді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының ескі бөлігіндегі саяжайлардың бірінде тұратын Шыныбековтер отбасындағы балалар бірнеше күн бақылаусыз қалды. Құрылысы бітпеген үй, төсеніші жоқ бөлмелер, тойып тамақ ішпеген балалар ақтөбеліктердің назарын бірден өзіне аударды. Құрбан айт күні әлеуметтік желі арқылы хабар тарап, қарапайым адамдар қолда барын беріп, тамақ, төсеніш апарды. Енді жиһаз жинап жатыр. Ал балаларды бақылауына алған әкімдік бұл мәселені жан-жақты тексеріп, нақты шешім қабылдайтынын жеткізді.

«Біз алдымен балалардың тума-туысын іздеп, табуымыз қажет. Осылайша, балаларды жақындарының жанында қалдыруды мақсат еттік. Егер қарсы болса, ересектері уақытша бейімдеу орталығына жөнелтіп, кішкентайын «Үміт» сәбилер үйіне орналастырамыз. Қазіргі уақытта бұл балалардың әкесі Бақыт Шыныбеков ауруханада жатыр, ал аналарының қайда жүргені белгісіз», — дейді қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Ботагөз Бисенова.

Айта кетейік, егер ата-ана балаларын баға алмаса, оларға жағдай жасап, тиісті деңгейде бақыламаса іс комиссияда қаралып, алдымен ескерту беріледі. Тіпті, ата-ана құқығынан да айрылуы мүмкін.

«Әкесі шын мәнінде ауырып, денсаулығы сыр беріп, ауруханада ем алса, балалары жанында қалады. Жағдай өзгеше болса, балалар арнайы мекемеде тәрбиеленеді», — дейді Б.Бисенова.


Қазіргі уақытта үйге газ кіргізіп, жылыту мәселесі қаралып жатыр.

«Бұл – отбасының үлкен қызы Сапаргүл кәмелет жасқа толған, студент. Сондықтан балаларды еркінен тыс мемлекеттік мекемелерге орналастыра алмаймыз. Ата-анасы мен үйдің үлкені Сапаргүлдің рұқсаты керек. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қарады, қорытындысы бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындалады. Ал газ кіргізу мәселесі демеушілердің көмегімен шешілуі мүмкін. Ата-аналары табылды. Әкесі ауруханада, ал анасы туралы нақты ақпарат жоқ. Қызы анасының оңтүстік өңірге сауда жасауға кеткенін жеткізді», — дейді қала әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл.

Айта кетейік, Сапаргүл Шыныбекова 18 жасқа толған. Ол қаладағы гуманитарлық колледждегі ақылы бөлімде білім алады. Жасмин – 10, Диана – 6, Інжу – 4, Индира – 3 жаста, ал кішкентайы Руслан – 7 айлық. Сапаргүл Шыныбекованың айтуынша, олар бұл баспананы салуды үш жыл бұрын бастаған. Дегенмен, көлік жүргізіп, таксист болған Бақыт Шыныбеков соңғы уақытта жұмыссыз жүр.