Алматыда банк қызметкерін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда банк қызметкерін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Алматыда банк қызметкерін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Полицейлер 3 қыркүйектің түнінде жоғалған Алматы банктері бірінің қызметкері Нұршат Розиевті өлтірді  деген күдікпен ер адамды ұстады.

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 296
Фото - Caravan.kz

ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде Розиевті Алматының 25 жастағы тұрғыны өлтіргені анықталды. Арадағы даудан кейін ол бұзақылық жасау мақсатында қылмысқа барған.

«Қылмысты жасыру үшін күдікті Розиевтің баспанасын өртеп, оның мәйітін қала шетіне шығарып, өзен сағасына лақтырған. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа өзге тұлғалардың қатысы бар, не жоқ екені анықталып жатыр. Еске сала кетейік, сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 99 бабы 1 бөліміне (адам өлтіру) сәйкес жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомствода.

Еске сала кетейік, Нұршат Розиев 3 қыркүйекке қараған түні жоғалды. Ол тұрған үй ішінара өртенген. Оның Nissan Primera маркалы автомобилі үй ауласында болмаған. Кейін оның мәйіті өзеннен табылды.