Айнұр Нұрсейіт түркиялық ұшақтағы төбелес үшін түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Нұрсейіт түркиялық ұшақтағы төбелес үшін түсініктеме берді

Айнұр Нұрсейіт түркиялық ұшақтағы төбелес үшін түсініктеме берді

Кәсіпкер келіншек Айнұр Нұрсейіт Анталия-Алматы ұшағы бортында болған жағдай туралы пікір білдірді.

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 987
Фото - Caravan.kz

Аталған бағыт бойынша чартерлік рейсті орындаған түркиялық әуекомпания ұшағы бортта болған төбелес кесірінен Ақтауға қонуға мәжбүр болған. Оның айтуынша, ұшақта әйел баласымен отырған. Оның баласы жылап, елдің мазасын алады. Әйел оны жұбатуға еш әрекеттенбеген.

«Ол әйел қасында отырған анасымен ұрсыса бастады. Сосын біздерге айқайлады. Арада дау шықты. Менің әкем біздерден бөлек отырған. Ең жаман жері, ол ішіп (алкоголь) алған болатын. Жалпы, ол -табиғатында өте жуас адам. Оның ішіп алғанын біліп, әлгі келіншек оған тиісе бастады. Әкем оның айқайына шыдай алмай, қарсы шықты. Осы кезде бір жас жігіт әкемді бетінен ұрып жіберді. Төбелес басталып кетті. Әкем үшінші топтағы мүгедек. Сондықтан, ол жанжалдан аулақ жүреді. Ол спортшы емес, суретші», — деді А.Нұрсейіт.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтау халықаралық әуежайына 12 қыркүйекке қараған түнгі сағат 00:16-да ATLAS JETATLAS GLOBAL әуе компаниясының К6755 чартерлік рейсі келіп қонған.


«200 жолаушыны тасымалдап келе жатқан ұшақ экипажы борттағы үш жалаушының кесірінен Ақтау әуежайына қонды. Олар мас болып, қасындағы адамдарды, бортсеріктерді балағаттаған», — делінген Көліктегі ІІД хабарламасында.

Анықталғандай, айқай шығарған үш жолаушы Алматы облысының тұрғындары болып шықты.

А. Нұрсейіттің айтуынша, оның әкесі оқиға куәгері ретінде әкімшілік іске тартылып жатыр.