Қазақстан ФИФА рейтингінде бірден он үш сатыға көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ФИФА рейтингінде бірден он үш сатыға көтерілді

Қазақстан ФИФА рейтингінде бірден он үш сатыға көтерілді

Қазақстан ұлттық құрамасы бейсенбі күні жарияланған ФИФА-ның рейтингінде бірден 13 сатыға көтеріліп, 83-ші орынға жайғасты.

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 419
Фото - Caravan.kz

Қазақстан құрамасы шілде айында бірден 15 саты жоғарылап, 97-ші орынға көтерілген еді. Соңғы рет үздік 100 құраманың қатарына 2001 жылдың желтоқсан айында енген болатынбыз. Ол кезде Вахид Масудов жаттықтырған құрама 98-ші орынға дейін көтерілген.

Тамыз айында бұл көрсеткішті тағы бір сатыға жақсартып, 96-ші орынға тұрақтағанбыз. Енді, қыркүйекте 83-ші орыннан көріндік.

Өйткені Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының електік додасының алғашқы ойынында Польшамен тең түскен. Бұл құрама рейтингте алғашқы жиырмалықтың қатарында болған. ФИФА мамандары рейтингті есептеу кезінде турнирдің маңыздылығын, қарсыластың рейтингтегі ұпайын ескереді. Осындай деңгейі жоғары құрамадан ұпай еншілегенде рейтингте жоғары көтерілуге мүмкіндік туады. Бұл жолы Қазақстанның еншісіне 52 ұпай қосылады. Нәтижесінде 411 ұпаймен 83-ші орынға ілгеріледі.

Ал Польша құрамасы өткен аймен салыстырғанда бір сатыға төмендеп, 17-ші тұрақтады.


Көшбасындағы құрамалардан Аргентина мен Бельгия өз орындарын сақтап қалды. Өткен айда үштікке көтерілген Колумбия өз орнын Германияға босатып, бестікке сырғыды.

15 қыркүйектегі ФИФА рейтингі былай болды:

1 (1). Аргентина – 1646 ұпай

2 (2). Бельгия – 1369

3 (4). Германия – 1347

4 (9). Бразилия – 1323

5 (3). Колумбия – 1323

6 (5). Чили – 1284

7 (6). Португалия – 1228

8 (7). Франция – 1188

9 (12). Уругвай – 1173

10 (11). Уэльс – 1161

…83 (96). Қазақстан – 411.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера