Бүгін Алматыдағы "Жетісу" қонақүйінің жанында атыс болып, күдікті ретінде екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Полиция қызметкерлері 20-25 жас шамасындағы екі адамды алып кеткен.
Оқиға орнын тергеушілер тексеріп жатыр. Ал Алматы қалалық ішкі істер департаменті әзірге бұл жайт туралы ештеңе айтқан жоқ.