Ең танымал нұсқа — Сауль Альварес «Канело», американдық Дэниэл Джейкобс және британдық Билли Джо Сондерс. Сондай-ақ тізімге британдық боксшы Джеймс Дигейл және ресейлік Сергей Ковалёв кіріп отыр.
Ең болуы ықтимал нұсқа — Головкиннің Джейкобспен айқасы. Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығы (WBA) оларды 120 күннің ішінде рингте кездесуге міндеттеді.
Бұдан бұрын Сондерс, Головкинмен айқас алдында бір жекпе-жек өткізгісі келетіндігін мәлім еткен болатын.
Яғни Головкин — Сондерс жекпе-жегі GGG пен Джейкобспен кездесуінен соң кезекті айқас ұйымдастырылады деп болжам жасауға болады.