Отандық компания Генаны «лақтырып» кетті ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық компания Генаны «лақтырып» кетті ме?

Отандық компания Генаны «лақтырып» кетті ме?

Кезінде «Астана» Президенттік Кәсіпқой Спорт Клубы Головкиннің қаржылық шығындарын мойынға аламыз деп уәде берген соң райынан қайтқан. Енді, міне, BI Group деген компания Генаны ренжітті.

  • 19 Қыркүйек 2016
  • 520
Фото - Caravan.kz

Головкиннің жеке менеджері, Олег Герман таяуда былай деп мәлімдеді:

«Геннадий кездесу алдында Астанаға барып қайтқан, Рахымбаев жекпе-жектерді ұйымдастыруға көмек береміз деп уәде беріп арқадан қағып шығарып салды. Сол себепті де Геннадий құрылыс компаниясының пиар-шараларына қатысты. Алайда тура жекпе-жек алдында BI Group серіктестіктен бас тартты. Осылай істеуге бола ма екен? Қазақстан деген брендті әлемде танытып жатқан тұлғаны алдау дұрыс емес. Ендігәрі қазақстандық компаниялармен абайлап жұмыс істейміз».

Дау-дамайдан кейін BI Group-тың ресми мәлімдемесі де көп күттірмеді.


«Біз Головкиннің екі жекпе-жегін өткізуге көмектестік. Басты мақсатымыз өзімізді жарнамалау емес, отандық спортты алға сүйреген спортшыға қолдау көрсету болды. Біз өз тарабымыздан барлық шарттарды орындап болдық», — делінген хабарламада.