Республика алаңында жаңадан қойылған паркоматта қазақша сөз қате жазылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика алаңында жаңадан қойылған паркоматта қазақша сөз қате жазылған

Республика алаңында жаңадан қойылған паркоматта қазақша сөз қате жазылған

Алматының Республика алаңындағы автотұрақ бүгін ақылы бола бастады. Ақша төлеу үшін арнайы паркоматтар қойылған, деп хабарлайды Car

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 813
Фото - Caravan.kz

Алматының Республика алаңындағы автотұрақ бүгін ақылы бола бастады. Ақша төлеу үшін арнайы паркоматтар қойылған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Сондықтан болар, әншейінде көлік сіресе толып тұратын алаңда бүгін көлік тым аз. Ал сол маңдағы қаптаған кеңсе қызметкерлерінің темір тұлпарын қайда қойғаны беймәлім. Айтқандай, автотұрақтың сағаты 100 теңге деп жазылған. 

Бір жаманы, әдеттегідей паркоматтың қазақша сөзінен қате кетіпті. "Тұраұ ақысын төлеп бастау үшін кезкелген түймені басыңыз" делінген онда. Мұнда "тұраұ" дегені былай тұрсын, "төлеп бастау", "кезкелген" деген сөздер дұрыс жазылмаған.