Әлемдегі ең ұзын көшенің бірі – Қазақстанда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең ұзын көшенің бірі – Қазақстанда

Әлемдегі ең ұзын көшенің бірі – Қазақстанда

Әлем барынша жаңаруға және жаңалық ашуға бейім. Соның бірі де бірегейі осы көшелер мен даңғылдардың ұзындығы жағынан рекорд орнатуы.

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 776
Фото - Caravan.kz

25 жылдық тарихы бар еліміздің бұл рекордтық көрсеткіште де өз үлесі бар. Ендеше таныс болыңыз, бұл – Дінмұхаммед Қонаев атындағы көше, деп жазады massaget.kz.

Д.Қонаев көшесі Алматы облысы, Текелі қаласында орналасқан. Оның ұзындығы – 35 км. Көше қаланың кіреберіс қақпасынан басталып, соңы тау сілеміне дейін созылып жатыр.

Қаланың өзі де кен мен бау-бақшаға бай. «Моноқала» атанған Текелі қаласының тарихи ерекшелігі, Ұлы Отан соғысы кезіндегі майданға жіберілген әрбір бесінші оқ осы қаланың зауытына тәуелді болған.

Аргентинадағы Ривадавия(14,6км),  Украинадағы Мәскеу (18 км),  АҚШ-тағы Бродвей (25км) көшелерін артқа тастап, ТМД бойынша ең алдыңғы қатардан орын алған Д.Қонаев көшесі әлемдегі ең ұзын көшенің ондығына еніп тұр.


Көше бойында бау-бақшалы үйлер мен зауыттар, әкімшілік ғимараттар сап түзеген. Қаланың тағы бір жаңалығы тек көше ғана емес, шағын болса да енді бой көтеріп жатқан университеті бар. Бұл жоғары оқу орнының да өз биігі бар. Үндінің белгілі азаматы Ага Хан IV бастауымен жүзеге асып келе жатқан, тау етегінде бой көтеретін жоғары оқу орындары архитектуралық жобасы да осы қалада салынып жатыр.